Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Арыстағы жарылыста жылаған сарбаз жыныстық ұстанымына байланысты елден кеткен

Исатай Әлібаев 2019 жылы болған Арыс қаласындағы жарылыс кезінде желіде жылап тұрып видео үндеу жариялаған болатын. 

Арыстағы жарылыста жылаған сарбаз жыныстық ұстанымына байланысты елден кеткен
Фото: ашық дереккөзі

Сол кезде әскери қоймалардың аумағында снарядтар жарылған.

Белгілі болғандай, Арыстағы жарылыс кезінде жылап, видео түсірген Исатай қазір Қазақстан Республикасы қарулы күштері қатарында қызмет етпейді. Ол Германияға көшіп кеткен.

Оның Германияға көшуіне өзінің жыныстық ұстанымы себеп болған. Көшпеске амалы қалмағанын, туған елінде мұндай жағдайда өмір сүру қиын екенін айтты. Оның ztb_video инстаграм әлеуметтік желісінде видеосы тарады. 

Қазақстанда ол аға лейтенант шенін алған. Өзі үйленген және бір қызы бар.

Алайда, Исатай Әлібаев әлеуметтік желіде бұл ақпаратты теріске шығарды.