Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Ноғаев газ баллондарынан толықтай құтыла алмайтынымызды айтты

"Себебі, шалғайда орналасқан ауылдар мен кейбір кәсіпорындар әлі де осы газды пайдаланып келеді", - дейді ол.

Ноғаев газ баллондарынан толықтай құтыла алмайтынымызды айтты
фото: sputniknews.kz

Газ баллондарынан толықтай бас тарту әзір мүмкін емес. Бұл туралы Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді, деп хабарлады paryz.kz.

"Себебі, шалғайда орналасқан ауылдар мен кейбір кәсіпорындар әлі де осы газды пайдаланып келеді. Осы сұрақ астарында жақында Нұр-Сұлтан қаласындағы қайғылы оқиға аталып отырған шығар. Бұл жағдайға байланысты қаза тапқан адамның жақындарына көңіл айтамын", - деді министр, ОКҚ брифингінде журналистің сұрағына берген жауабында.

Осы орайда, ол газ жабдықтарына қатысты кез келген жұмыстың қауіпті екенін атап өтті.

"Бұл бағыттағы жабдықтар күрделі техникалық құралдар болып саналады және онда жоғары қысым болады. Сондықтан газды пайдалануға қатысты кез келген техникалық жабдықты іске қосу үлкен жауапкершілікті талап етеді", - деді Ноғаев.