Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Абай облысында қаза болған өрт сөндірушінің отбасына пәтер беріледі

Абай облысы Жарма ауданында көз жұмған өрт сөндірушінің отбасына пәтер беріледі, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі. 

Абай облысында қаза болған өрт сөндірушінің отбасына пәтер беріледі
фото: ТЖМ

Абай облысы әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, Жарма ауданы Бозжыра ауылдық округінде дала өртін сөндіру кезінде қаза болған №22 өрт сөндіру бекетінің жүргізуші-қызметкері Айдос Тоғызбаевтың отбасына пәтер беріледі.

«Өңірдегі «Фирма Азия» ЖШС марқұмның жанұясына үш бөлмелі пәтер береді. Айдос Ерланұлының артында әйелі мен 5 баласы қалған», - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Азаматтық қорғау органдарында 2019 жылдан бері еңбек еткен 36 жастағы сержант ІІІ дәрежелі «Айбын» мемлекеттік наградасына ұсынылған.