Прямая трансляция

Астана

Астана

-2.03°C

БҚО тұрғынынан Калашников автоматы мен тапаншалар табылды

Орал қаласының тұрғынынан Калашников автоматы, тапаншалар мен олардың оқ-дәрісі табылып, тәркіленді, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі. 

БҚО тұрғынынан Калашников автоматы мен тапаншалар табылды
Фото: inform. kz

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, қазіргі кезде күдіктінің қаруды не үшін жинағанын және қайдан алғанын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізілуде.

Қауіпті олжаны 6 қыркүйек күні БҚО полиция департаменті экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел әрекет ету арнайы жасағының қолдауымен «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы аясында тапты.

«Мемлекет басшысы өз Жолдауында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресті күшейту қажеттігіне баса назар аударды. Президент тапсырмасын орындау мақсатында БҚО полиция департаменті күдіктілерді анықтау бойынша жедел жұмыстар жүргізуде. Соның нәтижесінде «Волна» саяжай қоғамында тұратын 1970 жылғы «Г» деген тұрғынның мекенжайын тексеру барысында «АК-47» автоматы, 5 оқ-дәрісі бар АК-47 қорапшасы, 7/62 калибрлі АК-47 қорапшасы, оқпаны жоқ 1944 жылғы «Наган» револьвері, сериясы жоқ револьвер, 9/19 калибрлі ПМ тапаншасының қорапшасы, 198 дана 7,62х39мм калибрлі оқ-дәрі, 20 дана 5,45х79мм калибрлі оқ-дәрі, 6 дана 9х18мм калибрлі оқ-дәрі, сондай-ақ кісендер тәркіленді. Қарудың барлық түрлері бойынша баллистикалық сараптама тағайындалды. Ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігіне (қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды», деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да 5 жасар баланың ескі тоңазытқыштың ішінде кілттеніп, тұншығып қалғанын жазған болатынбыз.