Алматыдағы 27 мың студент жатақханаға мұқтаж

"Біріншіден, жұмыстың орындалу сапасы керек", - дейді Мәди Ахметов.

Алматыдағы 27 мың студент жатақханаға мұқтаж
фото: ашық дереккөз

Жасотандықтар жатақхана тапшылығын жою үшін салынған студенттер үйін аралап көрді, деп хабарлады paryz.kz, "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Қаладағы жатақхана жетіспеушілігі әлі толық шешімін таппады. Алматыда білім алатын 160 мың студенттің 27 мыңына жатақханадан орын жетіспейді. Оларды қамту әлі де жалғаспақ. Дегенмен, заман талабына сай болуын белсенді жастар назарға алған.

"Біріншіден, жұмыстың орындалу сапасы керек. Сонымен қатар, бір бөлмедегі студенттердің санының шектен асып кетпеуі, іште жуынатын бөлмелердің жеке болуы, ас үйдің толықтай қамтамасыз етілуі, кір жуатын бөлменің толықтай қамтамасыз етілуі маңызды", - деді жасотандық Мәди Ахметов.