Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

"Төсекте кезегін күтпейді": Телібеков әйелімен болған даудың жай-жапсарын айтты

Тіркелмеген мұсылмандар одағының жетекшісі Мұрат Телібеков әлеуметтік желілерде жақында болған төрт әйелінің бірін ұрып-соқты деген жанжалды егжей-тегжейлі баяндаған пост жариялады, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі «NewTimes.kz» сайтына сілтеме жасап. 

"Төсекте кезегін күтпейді": Телібеков әйелімен болған даудың жай-жапсарын айтты
Фото: ашық дереккөзі

Телібековтың айтуынша, мұсылман адамның төрт әйел алуы қиын, өйткені оның жақсы да жаман жақтары бар, солардың бірі жақында үлкен жанжал тудырды.

«Ең кіші әйелім жасына байланысты қырсық және өзімшіл болып шықты. Бұл үлкен әйелдеріме ұнамады. Ұзаққа созылған  моральдық және этикалық нормаларды түсіндіру әрекеттері сәтсіз болды. Тағы бір себеп - оның орыс ұлтынан болғандығы, ал мұсылман дәстүрі көбіне орыс ұлтының этикалық нормаларына қайшы келеді. Үлкен үш әйелім ұзақ уақыт бойы оның қыңырлығына төзіп, ақыры шыдай алмады. Әсіресе, олар ең кіші әйелімнің үй тірлігінен аулақ жүріп, жарының төсегіне жиі кезексіз келетініне наразы болды. Кезекті ақылға құлақ аспағаннан кейін олар оған ескерту жасаған жөн деп шешті», − деп жазады мұсылмандар одағының басшысы.

Телібековтің айтуынша, жанжал сол кезде болған. Полиция мен кіші әйелінің достары келген. Алайда, көңілі қалған  келіншектің өзін күйеуінің  үлкен әйелдері ұрды деп айтуға батылы жетпеген. Оның айтуынша, мұның себебі оның мақтаныштығы және өзінің бәйбіше емес екенін мойындай алмау болды.

«Ол көп ойланбастан, өзін үлкен әйелдері емес, күйеуі сабады деп айыптады. Әрине, бұл ең жақсы шешім емес. Мұндай әрекеттен кейін ашуланған күйеуі төтенше жаза қабылдады – ол оған бір ай бойы төсегіне келуге тыйым салды. Әйел бұған шыдай алмады, көп ұзамай оның көпшілікке тараған видеосы  пайда болды», − деп толықтырды Мұрат Телібеков.

Қорытындылай келе, мұсылмандар одағының басшысы өзінің шын жүректен мойындағанына қарамастан, әйелінің жыныстық мораторийін жоймағанын, бірақ оны 15 күнге дейін қысқартқанын ашық айтты.