Анықтамасы болмаған 86 жолаушы карантиндік стационарға жатқызылған.
Кеше Қазақстанға Түркия, Беларусь, БАӘ, Ресей мен Германиядан 10 ұшақ ұшып келді, деп хабарлады paryz.kz, ведомствоаралық комиссияның telegram арнасына сілтеме жасап.
Аталған халықаралық рейстермен Қазақстанға 940 жолаушы ұшып келген. Олардың ішінде 853-інде ПТР-тест анықтамасы болған. Анықтамасы болмаған 86 жолаушы карантиндік стационарға жатқызылған. Атап айтқанда, ПТР-тест анықтамасы жоқ Нұр-Сұлтанға 41, Алматыға 27, Ақтауға 20 жолаушы жеткен.
"Осы 86 азаматтың бәрінен коронавирус табылған жоқ. Алайда, Бірікке Араб Әмірліктерінен келген бір жолаушының ол елден тестің оң нәтижесімен келгені анықталды. Нақтырақ айтқанда, тестілеудің қорытындысы оған сапар барысында электронды пошта арқылы жеткен. Жолаушы бірден оқшауландырылып, әуежайға жедел жәрдем жетті", - делінген департаменттің хабарламасында.