Желіде Нұрлан Нығматуллиннің әуежай терминалында тұрған фотосы тарап жатыр. Кейбір дерек көздері суреттің бүгін таңертең түсірілгенін айтады.
«Бүгін таңертен Нұр-Сұлтан әуежайының халықаралық терминалында Дубайға ұшып бара жатқан Парламент Мәжілісінің бұрынғы төрағасы Нұрлан Нығматулиннің суреті тарауда. Астанада бұрынғы әріптестерімен «сырға салу» мәселесін реттеп тастап кетіп бара жатса керек», деп жазған ulys.kz телеграм арнасы.
Бұған дейін Нығматулин, Жақсыбеков және Мәмин үшеуінің Астанадағы дәмханалардың бірінде кездесіп отырған фотосы тараған болатын.