Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Ақтаудағы суық ауруханада тарақандар өріп жүр

"1981 жылдан бастап салынған ғимарат моральдық тұрғыдан ескірген, сондықтан күрделі жөндеу қажет", - дейді аурухана директоры Аманбек Жұмыров.

Ақтаудағы суық ауруханада тарақандар өріп жүр
фото: видеодан скриншот

Маңғыстау облыстық балалар жұқпалы аурулар ауруханасының пациенттері тарақандар қаптаған суық палатада емделеді. Кішкентай бүлдіршіндерді суықтан тек электр жылытқыштар құтқарады. Оны да үйден әкеледі. Бірақ тарақандардан құтқаратын еш амал жоқ. Медициналық мекеменің басшылығы да шұғыл түрде күрделі жөндеу қажеттігін айтып, дабыл қағуда. Бірақ оны бюрократиялық кідірістер тежейді, деп хабарлады paryz.kz, "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

"Жылытқышты өзіміз әкелдік. Тек соның көмегімен отырмыз. Батареялар жақсы жұмыс істейді, бірақ, қабырғалары суық. Сонымен қатар,терезеден жел үрлейді. Санитарлар жақсы тазалап, барлығын күніне бірнеше рет жуғанына қарамастан, түнде тарақандар өріп жүреді. Барлық палаталарда жағдай осы", - дейді Ақтау қаласының тұрғыны Диана Астафурова.

Аурухана басшылығы бұл мәселені жасырмайды. Директордың айтуынша, ол қызметке тағайындалған бір жылдан бері ғимаратты күрделі жөндеуден өтізе алмай келе жатыр екен.

"1981 жылдан бастап салынған ғимарат моральдық тұрғыдан ескірген, сондықтан күрделі жөндеу қажет. 730 миллион толығымен жылытуға және өмір сүруге лайықты жағдай жасауға жетеді. Олар бұл мәселені шешу керек", - дейді аурухана директоры Аманбек Жұмыров.

Тағы оқи отырыңыз: ШҚО-да бас дәрігердің қыздары президенттен көмек сұрады (ВИДЕО)

Жобалау құжаттамасындағы шикіліктерге байланысты аурухананы жөндеуден өткізу жарты жылға кейінге қалған. Биыл облыс билігі оны әзірлеуге ақша бөлді. Бірақ қызмет провайдері шарттарды орындамай, аурухана сотқа жүгінуге мәжбүр болды. Қазір ЖСҚ дайын. Жергілікті шенеуніктер "шыдамды" жұқпалы аурухананы келесі жылы жөндейді деп сендіреді. Егер бюджетте ақша жеткілікті болса.