Автобуста үлкендерге орын бермеген жас қыздардың әрекеті желіні шулатты, деп жазады paryz.kz ақпараттық агенттігі Adyrna.kz сайтына сілтеме жасап.
Видео авторының айтуынша, ол Алматы қаласында №47 автобуста үлкендерге орын бермеген қыздарды тәртіпке шақырмақшы болған. Алайда қыздар оған сөз қайтарып, ұрыса жөнелген көрінеді.
Видео авторы: “Жасы кішкентай қыздар. Үлкен апаларға орын бермейді. Қазіргі жастардың тәрбиесі осы. Сұмдық. Неге орын бермейсіз? “, – десе,
Қыздар: “Мені түсіріп жатырсың ба? Телефоныңды жұлып, қолына беремін қазір! Орын бермеймін ал. Құқықтарың жоқ. Мен де сені түсіре аламын”, – деп оған сөз қайтарса керек.