Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

"Енді қазақ халқы мен тілі екінші сортты болуға көнбейді" — депутат

«Адырна» ұлттық порталының «Таразы» ютуб арнасына сұхбат берген Қазыбек Иса бағдарлама барысында журналист Арман Әубәкірдің тіл туралы сұрағына жауап беріп, қазақ тілі екінші сортты болуға көнбейтіндігін айтты, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі. 

"Енді қазақ халқы мен тілі екінші сортты болуға көнбейді" — депутат
фото: adyrna.kz

«Билік өзінің арқа сүйейтін негізгі ұлтын екінші сортты қылып келді. Енді қазақ халқы да, тілі де екінші сортты болуға көнбейді. Ол 30 жыл ала алмаған талаптарын, теңдігін талап етеді… Мемлекеттік тіл болса, барлығы да болады. Осыны неге биліктегілер түсінбейді?..Мен мұны қауіп еткеннен айтып отырмын», – деді Қазыбек Иса.

Сондай-ақ, ол мемлекеттік тілге миы жетпейтіндерді мемлекеттік қызметке жолатпайтын заң керегін баса айтты.