Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

"Қазақ халқына жасалған қиянат": автокөліктер қымбаттап жатыр

"Ескі көліктер қазір қымбат шарап секілді. Жыл өткен сайын бағалануда". Қазақстан автомобилистер одағының төрағасы көлік нарығындағы картинаны осылай сипаттап берді.

"Қазақ халқына жасалған қиянат": автокөліктер қымбаттап жатыр
фото: openbusiness.ru

Қазір орташа құны 7,5 млн теңге, ал импорттық машиналардың бағасы орташа есеппен 14 млн теңгеге бір-ақ жеткен, деп хабарлады paryz.kz, Еуразия бірінші телеарнасына сілтеме жасап.

"Бағасы былай ғой, мен оны қарыздың орнына алған кезде, Лексусты орталық 6,8 млн деп бағалап берді. Мен көлікке 150 мың теңге салдым. Оны да ескеру керек. 2013 жылғы Хюндай акценттер, Киа-риолар бізде 4 миллионнан жоғары тұрады, жақсы қалпында. Ал Ресейден біздің теңгеге шаққанда 2 миллионға жақсы көлік алып келесің. Бірге бір қосылған біздің жақта", - деді тұрғын Аслан Ағыбаев.

Доллар аспандап, инфляция өсіп, пандемия да бұл тұрғыда бағаның шарықтауына үлесін қоспай қоймайды. Мамандар осылай дейді. Көліктің жайлысын іздеп табанынан таусылған автосүйер қауым бұлай жалғаса берсе, көліктің құны пәтер бағасымен теңесе ме деп қорқады.

"Салонға бардым мысалы. 7 миллионға акцент тұр. Ал 7 миллион теңгеге қаланың сыртынан 1 бөлмелі үй алуға болады. Бізде салондардың өзінде қымбаттап тұр машина", - деді Аслан.

"ҚазАвтоПром" мәліметінше, өткен жылмен салыстырғанда, көлік 17 пайызға қымбаттаған. Отандық зауыттан шыққан өнімдердің орташа бағасы 7,5 миллион теңге болса, импорттықтары шамамен 14 миллионға саудаланып жатыр. "Ескі көліктер қазір қымбат шарап секілді. Жыл өткен сайын бағалануда". Қазақстан автомобилистер одағының төрағасы көлік нарығындағы картинаны осылай сипаттап берді.

"Қайбір жылдары Қазақстанға жылына 300 мыңға дейін сырттан мінілген, бірақ, күйлі көліктер кіргізілетін. Қазір ол жоқ. Мысалы АҚШ та 7-10 жыл мінілген күйлі көліктің құны 5 мың доллар тұрады десек, бізге әкелінсе, оның тек утилизациялық алымы ғана 5-7 мың долларға шығады. Оған көліктің құнын қосасыз, 12 мың доллар және валюта курсының айырмасы бар, сонымен баға удай болып шыға келеді", - деді Қазақстан автомобилистер одағының төрағасы Эдуард Эдаков.

Бұрын 7-10 жыл жүрген жаңалау көліктерді Ресей, Армения, Қырғызстаннан мініп кеп жүрдік. Соңғыларына қатысты қандай шу шыққаны есімізде. Елде құрастырылатын көліктерге сұранысты қалай да қамтамасыз ету керек болды.

"Жаңа көліктің 30 пайыз құны утилизациға енгізілген. Яғни өндіруші қаншалықты арзан сатқысы келсе де, оның бағасының ішінде утилизация алымы тұрғандықтан, ол төмендете алмайды. Қазақ халқына жасалған үлкен қиянат деп ойлаймын. Өйткені утилизация алымының бағасы тым жоғары", - деді автоблогер Олжас Оқас.

Өзімізден шыққан машиналарға сұраныс жоқ емес, жеткілікті. Тоғыз айда көлік сатып алғандардың 70 пайызы отандық зауыттардың өніміне тоқтаған. Тек дағдарысқа байланысты автосалондар жеңілдетілген несиені уақытша кейінге шегеріп отыр. Оны субсидиялауға бөлініп келген қаражат 2021 жылдың мамырына дейін болмауы мүмкін-мыс. Мұны отандық автобизнес қауымдастығы ауызша растады. Бірақ бұл жайсыздықты жыр деп отырған ешкім жоқ. "Көктемге дейін несие кезегіне тұрғандар қазірдің өзінде бірнеше мыңнан асып жығылады", - дейді мамандар.