Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Белгілі дінтанушы радикалдармен күреске деп бөлінген 300 млрд теңгенің есебін сұрап Тоқаевқа хат жазды

Белгілі зерттеуші, дінтанушы Тұрарбек Құсайын Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жариялады, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.

Белгілі дінтанушы радикалдармен күреске деп бөлінген 300 млрд теңгенің есебін сұрап Тоқаевқа хат жазды
Фото: ашық дереккөзі

Оның айтуынша, осы уақытқа дейін діни экстремизм және терроризмнің алдын алу деген желеумен 300 млрд теңге жұмсалған. Оның 200 миллиарды Кәрім Мәсімовтің Премьер-министр болып тұрған кезінде бөлінген. Ол аздай Мәсімов Ұлттық қауіпсіздік комитетін басқарып тұрған шағында тағы 100 миллиардтан астам қаржы бөлінген.

Президенті Қ.Тоқаев пен Бас прокуратурасының назарына!

Қазақстанда діни экстремизм және терроризммен күрес жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру үшін 2013-2017 жылдар аралығында.теңге жұмсалған екен.
Ол уақытта Кәрім Мәсімов премьер-министр еді.

Ал енді Кәрім Мәсімов ұлттық қауіпсіздік комитетіне жетекшілік еткен,яғни 2019-2021 жылдар аралығында экстремизм мен терроризмге қарсы 100 миллиардтан астам қаржы бөлінді.
Мысалы Түркиядағы Бекболат Тілеухан журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында мемлекетке опаздық жасау, билікті күшпен басып алу және лауазымдық міндеттерін асыра пайдаланды деп айып тағылған Кәрім Мәсімовтің саясаткер ретінде ерекше қасиетін бағалап, жер-көкке сыйғызбай мақтады:

«Ол өте терең саясаткер. Сенің агрессияңа агрессиямен жауап беру жоқ. Құдай сақтасын, кездескен жерде жорғалап алдыңа түсіп алады, күлімдеп шығарып салады. Өте терең саясаткер адам. Біздің қазақтың арасында сондай адам бар ма, жоқ па білмеймін», — деген Бекболат Тілеухан өзі патронаж жасайтын "Әл-Баракат" ислами қоры арқылы,ұмытпасам 2007-шы жылы атақты азербайжандық сәләфи идеологы Эльмир Кулиевті Қазақстанға арнайы шақырып премьер-министр Кәрім Мәсімовпен таныстырған-ды.

Соның нәтижесінде Н.Назарбаевтың тікелей қолдауымен уахаби Эльмир Кулиевтің 10-мың данадан астам сәләфилік сарындағы "Тафсир Саади" кітабы ҚМДБ мешіттеріне тегін таратылды.

Сол сәләфилік бағыттағы Назарбаевтың қазақты арабтандыру мақсатындағы сыйлық Һәм тегін кітабын оқыған ҚР азаматы Абылайхан Шалимбаев көп жылдарға сотталып кетті.
Ең парадоксті жәйт Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитеті арнайы діни сараптама жасап,сәләфи Эльмир Кулиевтің аталмыш "Тафсир Саади"кітабына теріс қорытынды берген.

Атап айтқанда нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес, Дін істері комитеті теріс қорытынды берген діни әдебиеттерді ҚР аумағында таратуға тыиым салған.

Сонымен қатар, бүгінде салафизмді қоса алғанда, дәстүрлі емес идеологияны насихаттайтын еліміздің өңірлеріндегі барлық діни өнімдердің жолын кесу бойынша іс-шаралар жүргізілуде деген Дін істері комитеті сәләфизмді ашық насихаттаған Нұрсұлтан Назарбаев пен оның әулетіне келгенде неге тым-тырыс һәм үнсіздік танытады?!

Әлде бұдан шығатын қорытынды монархиялық сәләфизмді аңсаған Назарбаев пен оның әулеті және сол саяси жобаны жүзеге асырғысы келген Кәрім Мәсімов, Қайрат Сатыбалды, Бекболат Тілеухан, Мұхамеджан Тазабек сияқтылар діни экстремизмге қарсы бағытталған 300 миллиардтан астам халықтың ақшасын ,өз бидайын өзіне қуырып, яғни ортағасырлық араби-парсы идеологияны қазақтың санасына тықпалау мен шырмауға жұмсаған ба?!
Бұл деген кәдуілгі қасқырға қой бақтыру емес пе?!

Осы фактілерді алға тарта отырып, құзырлы органдар мен мемлекет басшысынан қамаудағы Кәрім Мәсімовтің үкімет пен ҰҚК басқарған кезіндегі экстремизм-терроризмге қарсы кешенді күрес бағдарламасына жұмсалған,яғни халықтың қыруар ақшасының есебін беруін талап етемін!

Дінтанушы Тұрарбек Құсайынның facebook парақшасынан