Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Карантин: Отырар ауданында "Бата көкпар" ұйымдастырылған

Шектеу шараларын бұза отырып, 60-тан астам адамды жинаған көкпар ұйымдастырушысы жауапқа тартылды.

Карантин: Отырар ауданында "Бата көкпар" ұйымдастырылған
фото: дереккөз

Түркістан облысының полицейлері карантинге қарамастан көкпар өткізген тұрғынды жауапқа тартты, деп хабарлады paryz.kz, обылстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нақтырақ айтсақ, Қарғалы ауылдық округіне қарасты Қанттоғай елді мекенінде жергілікті тұрғын "Бата көкпар" жасаған. Мобильді топ бірден шоғырланған адамдар тобын тарқатты.

Тәртіп сақшылары іс-шараға қатысушыларға карантин талаптарына жол бермеу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, шектеу шараларын бұза отырып, 60-тан астам адамды жинаған көкпар ұйымдастырушысын жауапқа тартты. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

Жиналған материалдар тиісті заңды шешім қабылдау үшін құзыретті органдарға жіберілді.