"Ит-мысықтармен сөйлестік": алматылық полицей күлкіге қалды

Әлеуметтік желіде Алматы қаласы әкімінің халыққа есеп беруі кезіндегі «Иттермен сөйлесіп, ескерту бердік» деген полицейді жұрт сынға алды. 

"Ит-мысықтармен сөйлестік": алматылық полицей күлкіге қалды
Фото: видеодан скриншот

Желідегі қысқа видеодан полиция қызметкерінің «Иттермен сөйлесіп, ит-мысықтармен біраз неғып.. Ескерту бергенбіз оған», – деп айтқан сәтін көруге болады. 

Видеоны көрген көпшілік арасында полицейдің өзіне ескерту бермей, бірден айыппұл салған сәтін есіне алып ренжігендер болды. Тәртіп сақшыларының ит пен мысыққа жасаған құрметіне қайран қалғандардың пікірі әжуаға айналды.

«2023 жылы біздің полицейлер қасқырлармен сөйлеседі», «Тыңдамаған мысық пен иттер атылса, өздерінен көрсін», «Не деген құрмет?! Тілін үйреніп, түсіндірген еңбегін бағалайық. Әлемді қайран қалдырайық, мына жаңалық Қазақстан деңгейінде қалмасын» деп жазған олар.