Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Дәрігер адамды тез қартайтатын өнімдерді атады

Эндокринолог және диетолог Татьяна Филиппова қартаю процесін жылдамдататын өнімдер туралы айтты деп хабарлады paryz.kz ақпараттық агенттігі turkystan.kz-ке сілтеме жасап. 

Дәрігер адамды тез қартайтатын өнімдерді атады
Фото: ашық дереккөзі

Дәрігер «Бесінші арнаға» берген сұхбатында тамақ энергия көзі болғанымен, кей өнімдер ішек жолдарын бұзып, асқазанның қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіретінін ескертті.

Маманның айтуынша, дұрыс тамақтанбаудан ағза сусызданып, тері аурулары пайда болады.

Диетолог қартаю процесіне алып келетін өнімдерге шұжық, маргарин, қант, кондитерлік өнімдер, консервілер, алкогольді ішімдіктер мен фаст-фуд жатады дейді.

Ерте қартаюдың алдын алу үшін жүйелі тәсіл қолдану керек. Күйзеліспен күресу, ұйқы режимін орнату, спортпен шұғылдану және диета ұстап, дұрыс тамақтануды әдетке айналдырған жөн, – деді дәрігер.