Инстаграм әлеуметтік желісінде бір топ әйелдер жаңа түскен келіннің пәктігіне сүйінші сұрап, ән айтып, би билеп жүрген видео тарап кетті.
«QAZ.STARS» парақшасына жүктелген бұл видео жұрттың ашуын келтірді.
Онда бір топ келіншек ақ келінді ертіп алып, ақ жаймаға жұққан қызыл дақты елге көрсетіп шығады.
Видеоның қай жерде түсірілгені белгісіз, көпшілік оларды тау халықтарның өкілдері деп болжады.
Желі оқырмандары: «Мынау енді масқара!», «Ұятсыздар», «Қазақтар емес қой», «Ұйғырлар ма?», «Қазір пәк қыз табу қиын ғой, қуаныпп кеткен шығар, түсінуге болады», «Өте ерсі көрінеді екен», «Қазаққа жат қылық қой», «Мынаны қазақтар көріп шықпасын енді», «Ондай дәстүр қазақтарда да болған», — деп өз пікірлерін жазды.