Талдықорғанда кәмелетке толмаған қызды көлікте зорлаған күдікті ұсталды

Талдықорғанда жасөспірім қызды зорлаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Талдықорғанда кәмелетке толмаған қызды көлікте зорлаған күдікті ұсталды
фото: polisia.kz

Кәмелетке толмаған қыздың зорланғаны туралы арыз кеше, 29 тамыз күні Талдықорған полициясына келіп түсті.

Факті бойынша ҚР ҚК 120-бабының 3-1 бөлігі және 121-бабының 3-1 бөлігімен қылмыстық іс тіркелді.

Тергеу аясында қажетті сараптамалар тағайындалды.

Зорлау Тоyota Camry автокөлігінің салонында жасалғаны анықталды.

Автокөлік тәркіленіп, арнайы тұраққа қойылды.

Күдікті ретінде қалалық полиция қызметкерлері 20 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

Тергеуді облыстық полиция департаменті бақылауға алды.