Танысына зорлады деп жала жапқан қазақстандық қыз сотталды

Өскемен тұрғыны танысына зорлады деп жала жапқаны үшін кінәлі деп танылды.

Танысына зорлады деп жала жапқан қазақстандық қыз сотталды
Фото: pixabay.com

Іс материалдарына сүйенсек, әйел бұрын өзімен бірге тұрған ер адамды үйіне шақырған. Ол үйленген екен.

Жыныстық қатынастан кейін әйел одан жұбайынан ажырасып, өзіне қайтып оралуды сұраған. Бірақ ер адам бас тартқан, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі Noks.kz-ке сілтеме жасап. 

Сол кезде әйел ашынасынан өш алу үшін полицияға зорлады деп арыз жазған.
Алайда тергеу кезінде "жәбірленушінің" өтірігі ашылып қалды. Осыдан кейін полиция әйелдің үстінен іс қозғады.
Сот қала тұрғынын Қылмыстық кодекстің 419-бабы 3-тармағы (адамды сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптап, көрiнеу жалған сөз жеткiзу) бойынша кінәлі деп танып, шартты түрде үш жылға бас бостандығынан айырды.