Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Немересі бүкіл шындықты ашып айтты. Бес баласы анасын неге тастап кеткені белгілі болды

Алматы облысы, Қарасай ауданының тұрғыны Сәрсенкүл Прекешова 60-тан асқан шағында қараусыз қалды.

Немересі бүкіл шындықты ашып айтты. Бес баласы анасын неге тастап кеткені белгілі болды
Фото: коллаж

Айтуынша, бес ұлы, он алты немересі бар. Бесеуі де анасынан теріс айналып, бес жаққа кеткен.

Тіпті үлкен ұлы қолына алудың орнына кетерінде анасының қолын сындырып кеткен көрінеді. Бұл туралы paryz.kz ақпараттық агенттігі Koremiz Ютуб арнасына сілтеме жасап. хабарлайды.

Сәрсенкүл Прекешованың айтуынша, басындағы баспанасын бермегені үшін балалары оны керексіз етіп тастап кеткен. Бірақ, телеарна журналистеріне олар аналарын не үшін тастап кеткендерін мүлде айтпай қойды. Сөйлесуден бас тартты. Тек апаның бір немересі Гүлшат Кеулімжанова мән-жайды ашып айтты:

- Әжем бізді ұратын. Жаман сөздер айтып ұрсатын. Бізді түнде қуып жіберетін. Тыржалаңаш далада жаңбырдың астында тұрамыз. Ішетін. Өмір бақи ішіп келе жатыр. Атама қанша қорлық жасады. Өлгенше қорлық жасап келді. Үйде кенже баласымен бірге тұрды. Бірақ түнгі 2-3-терде әжем араққа тойып алып, баласы мен келінін үйден қуып жіберетін, - деп жылады немересі.