Прямая трансляция

Астана

Астана

12°C

Еліміз 10 млн маска сатып алды

Сонымен қатар ол медицина қызметкерлері үшін жеке қорғаныс заттарының 3 айға жететін қоры жасақталып қойғанын баса айтты.

Еліміз 10 млн маска сатып алды
Фото: ашық дереккөз

8 отандық тауар өндірушіден 10 млн медициналық масқа сатып алынды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Тапшылық болған жағдайда дәріханалардың бөлшек желілерін интервенциялау үшін 8 отандық тауар өндірушіден 10 млн медициналық масқа сатып алынды», - деді министр IX Азаматтық форум аясында үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен кездесуі барысында.

Сонымен қатар ол медицина қызметкерлері үшін жеке қорғаныс заттарының 3 айға жететін қоры жасақталып қойғанын баса айтты.

«Бұған қоса, Үкімет гуманитарлық көмек аясында алынған жеке қорғаныс заттарынан 400 мың бірреттік қорғаныс костюмдері резервін құру мәселесін пысықтады», - деді Алексей Цой.