"Конец Властиді" оқымаған кезі": Бекболат Тілеуханның сақалы жоқ кезіндегі видеосы жарияланды

Бейнежазбаны көргендердің көбісі домбыра ұстаған жас жігіттің кім екенін бірден тани қоймапты, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап. 

"Конец Властиді" оқымаған кезі": Бекболат Тілеуханның сақалы жоқ кезіндегі видеосы жарияланды
Фото: коллаж

Видео Tik-Tok әлеуметтік желісінде шықты. Онда жап-жас Бекболат Тілеуханның Ақтамберді жыраудың термесін орындаған сәті түсірілген. Концерт өткен залда көрермендер көп, арасында Роза Бағланова отыр.

Видеоны көргендер жас Тілеуханды бірден тани қоймапты, көпшілік оның кім екенін дауысынан білген екен. Желі қолданушылары оның өнеріне жоғары бағасын берген. Олардың арасында Тілеуханның өнерді қойып, саясатқа кеткеніне өкініш білдіргендер көп.

"Конец Власти" мен "Окна Овертонаны" оқымаған кезі ғой", "Жастайынан еті тірі болған екен", "Ап-арық", "Даусынан таныдым", "Өнерді тастамау керек еді, мықты өнерпаз еді", — деген пікірлер жазылыпты.