Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Пәкістанға келін болған қазақ қызы гендер пати өткізді

Пәкістан еліне келін болған қазақ қызы, белгілі блогер Айнұр Рахметова жолдасы екеуі гендер пати өткізді, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі Экспресс K сайтына сілтеме жасап. 

Пәкістанға келін болған қазақ қызы гендер пати өткізді
Фото: видеодан скриншот

Құрсақтағы баланың жынысын жария ететін рәсімнің видеосын қазақ қызы әлеуметтік желідегі парақшасына жүктеді. Бейнежазбада айына 20 миллион теңгеге дейін табыс табатын блогер болашақ сәбиінің қыз болатынынан үміттенгенін айтады. Ал отағасы ұл бала екеніне сенімді болған.

Туыстары мен жақындары жиналған шарада құрсақтағы баланың ұл екені айтылды. Бұл жаңалыққа жас жұп ерекше қуанды.

Видеоны көрген оқырмандар ерлі-зайыптылардың қуанышына ортақтасып, баланың дүниеге аман-есен келуін тіледі.

Кейбір желі қолданушылары жүкті келіншектің дене бітіміне қарап ұл балаға аяғы ауыр екенін бірден байқағанын жазған.