Жамбыл облысы, Луговой ауылында 16 жастағы Назерке Бекенқызы ауылдасымен көңіл қосқан.
Ол бағдарлама барысында анасының көзінше танысқан жігітімен күнде жыныстық қатынасқа түскенін айтты.
Бұл туралы paryz.kz ақпараттық агенттігі караван басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
«Кешкі 8-дерге қарай кездесіп, 8 жарымда жыныстық қатынасқа түстік. Далада болды, оның бәрі есімде. Кешке кездесіп болдық, болғаннан кейін күнде келіп жүрді. Күнде жыныстық қатынасқа түстік. Әлсіз болып, жүрегім айнып бастағанын түсініп жүрдім. Шаршаймын ұйықтап қаламын, шаршаймын ұйықтап қаламын. Тестті алып, жүкті екенімді бірінші анама айттым. Анам «ештеңе етпейді, кімнен көтердің?» деді. Мен «Думаннан» дедім. Анам Думанды шақыр деп, Думан үйге келді. «Назерке көтеріп қойыпты, сен оны аласың» деді. Үйдегілерге айтып көрейін деп, ол үйіне кеткен. Үйіне кеткен кезде бізге whatsapp-тан сурет жіберіп тұр. «Анам мұны естіп, талып қалды» деді. «Ала алмаймын, анам талып қалып, анамды өлтіретін жағдай жоқ» деді. Шымкенттегі басқа жігітті жіберіп «осы бала сені алады, осы бала мойнына көтеріп тұр» деді. Солай айтты», – деді 16 жасар Назерке.