Прямая трансляция

Астана

Астана

12°C

Көлігінде ішімдік ішкен бойжеткен полицейлерді балағаттаған

Бейнеролик авторының 2000 жылы туған қыз бала екендігі анықталды.

Көлігінде ішімдік ішкен бойжеткен полицейлерді балағаттаған
Фото: ашық дереккөз

Полиция қызметкерін балағаттаған 20 жастағы қыз жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлады paryz.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталған факт әлеуметтік желілерді зерделеу барысында анықталды. Instagram желісін пайдаланушы қыз өзінің ұялы телефонына тәртіп сақшыларын түсіріп, оларды көпшілік алдында балағаттаған. Бұл факт Бірыңғай сот алды тергеу реестріне ҚР ҚК-нің 378-бабы 1-тармағы бойынша тіркелді. Бейнеролик авторының 2000 жылы туған қыз бала екендігі анықталды.

Тергеу барысында ол өзінің достарымен көлік ішінде спирттік ішімдік ішіп отырғандығын және достарының біреуі оның көлігін ішімдік ішіп алып жүргізгені үшін полиция қызметкерлері ұстағанын алға тартты. Полицияның бұл әрекетін жақтыра қоймаған К.есімді бойжеткен ұялы телефон камерасына түсіре бастайды. Түсіру барысында оларды балағаттап, бейнежазбаны әлеуметтік желіде таратқан. Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда.