Ақтөбе облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды

Ақтөбе облысында жол апатынан 3 адам көз жұмды. 4 адам Шалқар қаласының орталық ауруханасына жеткізілді.

Ақтөбе облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды
фото: Halyq uni

Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Қайғылы жағдай 24 тамызға қараған түні сағат 00:50 шамасында «Шалқар – Ырғыз» автожолының 91 шақырымында болған. Toyota Estima автокөлігінің 26 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, аударылып кеткен.