Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

Елорда дәмханасында болған жарылыс: Үш адамның жағдайы аса ауыр

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, олардың бірінің жағдайы аса ауыр, екеуінің жағдайы ауыр.

Елорда дәмханасында болған жарылыс: Үш адамның жағдайы аса ауыр
фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Нұр-Сұлтандағы кафеде болған жарылыстан кейін үш адам жансақтау бөлімінде жатыр деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған paryz.kz. 

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, олардың бірінің жағдайы аса ауыр, екеуінің жағдайы ауыр.

Барлығы 23 адам 1 және 2-көпсалалы ауруханаларға жатқызылды. Жеңіл жарақат алған 11 жәбірленуші амбулаториялық емделуге жіберілді.

Тағы да оқыңыз: "Нұр-Сұлтанда дәмханада газ баллоны жарылып, бір адам қаза тапты"

"Науқастардың көпшілігі әртүрлі дәрежедегі термиялық күйіктермен, орташа ауырлықтағы көміртегі тотығымен уланумен, политравмамен ауруханаға жатқызылды", - дейді Денсаулық сақтау басқармасы.

Нұр-Сұлтан дәмханаларының бірінде болған жарылыс бойынша қылмыстық іс қозғалды.