Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Қызды ақ кілемге салып ұзатқан видео жұртты таңғалдырды

Бұл салтты бірі ұнатса, енді бірі сын-пікірін жаудырған.

Қызды ақ кілемге салып ұзатқан видео жұртты таңғалдырды
Фото: ашық дереккөз

Әлеуметтік желіде ер азаматтардың аруды ақ кілемге отырғызып ұзатып бара жатқан видеосы қызу талқыға түсті. Көпшілік бұрын-соңды мұндайды көрмегенін айтып жатыр деп хабарлады KzNews ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған paryz.kz.

Видеоны бөліскен Instagram желісінің svadba_kazzz парақшасы аталған тойдың еліміздің батыс бөлігінде болғанын жазған.

 «Дереу батысқа барамыз ба, не істейміз, ағайын? Біз көрмеген қанша салт бар сіздерде өзі?» – деп жазған видеомен бөлісушілер.

Желі қолданушыларының дені батыста мұндай салт жоқтығын жарыса жазуда.

«Мәссаған! Мынау бір қызық салт екен. Бірақ өтірік сияқты», «Ондай салт жоқ қой батыста», «Өмірімде батыста мұндай салт көрмедім», «Бұл қайдан шыққан салт тағы» деп жазды желідегілер.

Арасында керісінше кең тараған салт екенін жазғандар да табылды.

«Ноғайлықтар болуы керек, ақ киізге тектілігін сақтап, үйінен ұзатады», «Қыз ұзатып жатыр. Кілемді тек ағалары көтереді», – деп жазған өзге пікір қалдырушылар.

Бұл салтты бірі ұнатса, енді бірі сын-пікірін жаудырған. «Ақ киізге отырғызып, хан көтереді» деген бар еді, мынасын білмедім» деп болжады олар