Ресейдің Ульяновск облысы Николаевск ауданында болған жол апатында қаза болған 16 адамның 14-і қырғызстандық екенін анықталды, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Таратылған ақпаратқа сәйкес, жүк көлігі тоқтап тұрған шағын автобусты соққан. Салдарынан ол екі жүк көлігінің арасында қалып қойған.
"Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға салдарынан 16 адам қаза тапты, оның 14 - қырғызстандық, екеуі - ресейлік. Ауруханаға жатқызылған үш адамның азаматтығы анықталып жатыр", - делінген хабарламада.