Назарбаев университетінің баспасөз қызметі білім беру мекемесінің басшылығы жағдайды түсіну үшін тергеуге жан-жақты көмек көрсететінін мәлімдеді, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі.
Назарбаев университетінің студенті айтқан, тексеруді талап ететін сексуалдық сипаттағы құқық бұзушылық жағдайлары туралы ақпарат бойынша Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының полиция басқармасы тиісті процессуалдық әрекеттерді жүргізіп жатыр. Университет кез келген зорлық-зомбылық әрекетіне мүлдем төзбеушілік қағидатын ұстанады және тергеуге жан-жақты көмек көрсетеді, - деді Назарбаев университетінің баспасөз қызметі
Еске салсақ, әлеуметтік желілерде жас қыз Назарбаев университетінің оқытушылары мен техникалық қызметкерлер тарапынан болған бірнеше жәбірлеу және зорлау фактілерін білетіндігін, сондай-ақ жоғары курста оқитын студент қыздар төменгі курста оқитын қыздарды қудалайтыны туралы бейне хабарлама таратты.