Ақтөбелік тұрғын 31 жылдан кейін бауырларын тапты

Ақтөбе қаласында тұратын Айгүл есімді келіншек 31 жылдан кейін туған бауырларын тапты.

Ақтөбелік тұрғын 31 жылдан кейін бауырларын тапты
Фото: ашық дереккөзі

Бұл туралы «Диапазон» басылымы хабарлады.

Ол 6 жасқа дейін балалар үйінде, одан кейін өзін асырап алған отбасында тәрбиленген.

Оның айтуынша, оны асырап алған отбасы туған бауырлары тауып алуға ұсыныс жасаған.  

Айгүлдің анасы өзін дүниеге әкелген кезде қайтыс болған екен. Отбасы Алғын ауданы, Ивановка ауылында тұрған. Ал жақында Айгүл жақындарын іздеп табу үшін ақтөбелік басылымға хабарласып, көмек сұраған. Материал жарияланғанда Айгүлге бірден оның әпкесі мен ағасы хабарласқан. Олар сол күні кездескен.

Біз үшеу екенбіз. Ағам, әпкем және мен. Анам босану кезінде қайтыс болған. Әкем де ерте өмірден озған екен. Алғашында мен қатты толқып, біраз уайымдаған соң кездесуге анам мен күйеуімді ертіп бардым. Бірақ кездесу жақсы өтті.

Ағам екеуміздің түріміз ұқсайды. Оның үш баласы бар. Ағам мен әпкем сондай сүйкімді, көпшіл, мені көріп ерекше қуанды. Олар мені бірнеше жылдан бері іздеп жүрген екен. Балалар үйінде мені асырап алғанын айтып, менің жүрегімді ауыртатын шығар деп мен жайлы ешқандай ақпарат бермеген. Бірақ олар сонда да мені іздепті, – деді Айгүл.

Осы кезге дейін ағасы мен әпкесі Айгүлдің үйіне өте жақын тұрыпты.