Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Алматыда өз ұлын соққыға жыққан ер адам қамауға алынды

Алматыда өз ұлын ұрып-соққан ер адам қамауға алынды. Бұл туралы paryz.kz ІІМ сілтеме жасап хабарлайды.

Алматыда өз ұлын соққыға жыққан ер адам қамауға алынды
Фото: ашық дереккөзі

Жасөспірім 15 тамыз күні ауруханаға жеткізілді. Оған жабық бассүйек-ми жарақаты, бас миының жарақаты, маңдай қуысының алдыңғы қабырғасының сынуы, мұрын сүйектерінің сынуы диагнозы қойылды.

Алатау аудандық Полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Күдікті – К.есімді азамат ҚР ҚПК-нің 128-бабы бойынша ұсталды және УҰИ қамалды. Тергеу барысы Алматы Полиция департаменті басшылығының бақылауына алынды.