Прямая трансляция

Астана

Астана

-16.03°C

«Бір әйеліңізбен жәннатқа кірсеңіз, 4 900 пәк қыз беріледі»: ҚМДБ медресе ұстазының уағызына түсініктеме берді

Абдулаxад Смановтың әлеуметтік желідегі «Жәннаттағы хор қыздары» туралы уағызына байланысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) түсініктеме берді.

«Бір әйеліңізбен жәннатқа кірсеңіз, 4 900 пәк қыз беріледі»: ҚМДБ медресе ұстазының уағызына түсініктеме берді
Фото: ашық дереккөзі

Бұл туралы басқарманың баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы Facebook  парақшасында хабарлады. 

ҚМДБ-ның мәлімдеуінше, Абдулаxад Əбдісаттарұлы бұл уағызды студент кезінде, нақтырақ айтқанда 2017 жылғы 22 маусымда айтқан.

«2018 жылы шілде айында қателігін мойындап, негізі жоқ «хадисті» айтып, қоғамда түсінбеушілік тудырғаны үшін жамағаттан, жалпы тыңдаушылардан кешірім сұрады.

Бүгінде А.Сманов ҚМДБ жанындағы «Талаба» студенттер қауымдастығының Сауд Арабия Корольдігі бойынша өкілі. Оны тағайындаудағы мақсат – шетелде діни білім алып жатқан студенттерді деструктивті діни ағымдардың идеологиясынан сақтандыру, жастар арасында ҚМДБ мен мемлекет ұстанымдары туралы тиісті түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Діни басқарма өкілі осы бағытта жұмыс істеуде. Абдулахад Смановтың діни сенімі ҚМДБ ұстанымына қайшы келмейтінін мәлімдейміз.

ҚМДБ ата-бабамыз сан ғасырдан бері ұстанып келе жатқан ислам дінінің дәстүрлі ханафи мәзһабын насихаттайды. Ислам дінімен бітеқайнасқан дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды, көпдінді, көпұлтты елімізде қалыптасқан құндылықтарды дәріптеу – Діни басқарманың басты жұмыс бағыттарының бірі болып қала береді», – делінген ҚМДБ хабарламасында.

Айта кетейік, Абдулаxад Смановтың бұл видеосын «Не молчи.кз» қорының басшысы Дина Таңсәрі Facebook парақшасында жариялаған болатын.

«Бір әйеліңізбен жәннатқа кірсеңіз, 71 әйеліңіз болады. Әр хор қызының 70-тен қызметшісі болады, Әр хор қызының 70-тен қызметшісі болады, яғни бір әйелмен жәннатқа кірсеңіз, 4 900 әйеліңіз болады. Сол кезде 2-3 әйел алмағандар бармақтарын шайнайды екен», – делінген видеода.