Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

"Полицейлер құжаттарды дәретханада қолданған": Полиция қызметкерлері кінәлілердің табылмағанын мәлімдеді

Павлодар облысы полиция департаментіндегі әжетханадан табылған құжаттарға қатысты тексеріс жүргізді. Алайда кінәлілер табылмаған, деп хабарлайды paryz.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

"Полицейлер құжаттарды дәретханада қолданған": Полиция қызметкерлері кінәлілердің табылмағанын мәлімдеді
Фото: stan.kz

Ведомство өкілдері құжаттарды дәретханаға алып барған қызметкердің табылмағанын мәлімдеді. Сөздерінше, мұны анықтау мүмкін емес.

"Бейне бақылау камерасындағы жазбаны қарау еш нәтиже берген жоқ, себебі жазба тек 30 тәулік сақталады", – деп түсіндірді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер. 

Айта кетейік, 2022 жылдың сәуірінде алматылық адвокат қоқыс жәшігінде жатқан құжаттардың суретін жариялаған. Сөзінше, Павлодар облыстық полиция департаментінің ғимаратында қызметтік құжаттарды әжетхана қағазының орнына пайдаланған.