Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

«Жаназа емес той ғой»: Үйлену тойында ортаға азан даусымен шыққан жастар сынға қалды (видео)

Әлеуметтік желіде үйлену тойында қалыңдық пен күйеу жігіттің көпшілік алдына шығу рәсімі қызу талқыға түсті, деп хабарлайды paryz.kz oinet.kz-ке сілтеме жасап. 

«Жаназа емес той ғой»: Үйлену тойында ортаға азан даусымен шыққан жастар сынға қалды (видео)
Фото: коллаж

Аталған видео Instagram желісінде тарады.

Қызу талқыға түсу себебі жастардың "Жар-жар" әнімен емес, азан даусымен ортаға шығуы.

Жастардың бұл қылығына желідегі жұрт: "Қателік деп ойлаймын", "Осылай шыққаннан кейін той халал өту керек", "Орамал тағу керек еді", "Бәріміз мұсылманбыз. Алайды, бұл орынсыз", "Жаназа емес той ғой. Жаман ырым" деп теріс пікірлерін жаудырып жатыр.