Жеңіл көлігіне құлын салып алған астаналық ұсталды (ВИДЕО)

Ескерту! Видеода бейәдеп сөз қолданылған.

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны құлынды көлігімен тасыған. Видео әлеуметтік желіде тарады деп хабарлады paryz.kz, Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Көлікте құлынды тасып келе жатқан үш ер адам отыр.

"Адамдар, қараңдар. Астана қаласы. Кез келген қала арасы, үй жануары, ешқандай жылқы тасығышсыз, ГАЗ-елсіз", - дейді жүргізуші.  

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті тексеріс барысында видео авторы ұсталғанын хабарлады. Ол - Нұр-Сұлтан қаласының 27 жастағы тұрғыны. 

"Оның айтуынша, құлынды Ақмола облысындағы ауданның бірінен сатып алған. Ол құлынды тасуға кететін ақшаны үнемдеу мақсатында ВАЗ-2110 маркалы көлігінің салонында тасып, Қызылсуат аулына барған. Жүргізушінің сөзінше, видеоны отбасылық чатқа әзілдеп жіберген", - дейді полиция өкілдері.    

Аталған дерек бойынша, жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылған. Сонымен қатар, материал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясына жіберілді.

Кейін оның кешірім сұраған видеосы да жарияланды.