Саясаткер, көп жылдан бері қазаққа еңбек сіңірген бір туар тұлға Балташ Тұрсымбаев дүниеден озды.
Қаралы хабарды facebook әлеуметтік желісінде Балташ ағамыздың жанашыр жандары жазбамен жеткізді.
Балташ Молдабайұлы Тұрсымбаев (24 қазан 1946 жылы туған, Омбы облысы Кіші Боранкөл ауылында дүниеге келген.
Естеріңізге сала кетсек, Балташ Тұрсымбаевтың соңғы берген сұхбаты “Дат” газетіне басылып шыққан еді. “Жаңа Қазақстан” құрудағы басты міндет пен жұмысты атап, біраз нәрсенің басын қайырған еді.
“Бірінші кезекте президент «Әділетті Қазақстан» құруы керек, жаңасы – содан кейін өздігінен қалыптасады. Ең алдымен, астанадан Нұрсұлтанның атын құрту керек! Астананың атауы қайтадан «Ақмола» бола ма, «Алашорда» бола ма, жоқ әлде басқа бір атау қойыла ма – әйтеуір өзгерісті осыдан бастау керек. Одан кейін әрбір облыс орталығындағы Тәуелсіздік көшелерін иеленген «Нұрсұлтан Назарбаев» атауын жою қажет. Мұндай қадам халыққа үлкен сигнал береді, президент Тоқаевтың саясаты төңірегіне топтасу процесі жаңаша екпін алады”,- деді марқұм Балташ Тұрсымбаев.