Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Есірткі жарнамалаған 22 жасар қостанайлық 6 жылға сотталуы мүмкін

Ер адам үйлердің қабырғаларына интернет-сайттардың сілтемелерін жазған.

Есірткі жарнамалаған 22 жасар қостанайлық 6 жылға сотталуы мүмкін
Фото: дереккөз

Рудный қаласының полицейлері есірткіні жарнамалаған жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлады paryz.kz, облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Рудный қаласының аумағында «Дәрмек» жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында полиция қызметкерлері үй қабырғаларына есірткі жарнамасын жазған тұрғынды қолға түсірген.

«Жедел уәкілдер 22 жастағы жергілікті азаматты ұстады. Ер адам үйлердің қабырғаларына интернет-сайттардың сілтемелерін жазған. Аталған факт Қылмыстық кодекстің 299-бабында көзделген «Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау» қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша тіркелді. Баптың санкциясы алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді», - делінген ведомство хабарламасында.

Республикалық жедел алдын алу іс-шарасы әлі де жалғасады.