Прямая трансляция

Астана

Астана

-2.03°C

Қостанай облысында мұғалім әйел індеттен айыққанын тойлаған (ВИДЕО)

"Мониторинг тобы ол үйге көршілерінің шағымы бойынша барды. Себебі, әйел туыстарымен қоса, көршілерін де шақырған", - деп хабарлады санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.

Қостанай облысында мұғалім әйел індеттен айыққанын тойлаған (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Қостанай облысының тұрғыны коронавирустан айыққанын ауылдастары арасында атап өткен, деп хабарлады paryz.kz, Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Мониторингтік топтың хабарлауынша, Қостанай облысының Амангелді ауданына қарасты Байғабыл ауылында жергілікті мектеп мұғалімі үйіне көршілері мен туыстарын жинаған. Мерекеге оның коронавирустан сауыққаны себеп болыпты. Үйде барлығы 10 адам болғандықтан, карантин тәртібін бұзушылық фактісін растау ретінде санитар дәрігерлер бейнеролик жариялады.

"Мониторинг тобы ол үйге көршілерінің шағымы бойынша барды. Себебі, әйел туыстарымен қоса, көршілерін де шақырған. Оған 41 670 теңге әкімшілік айыппұл салынды", - деп хабарлады өңірдің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті. Енді ол айыппұл төлеумен шектелмей, жұмысынан да айырылуы мүмкін.

Санитарлық дәрігерлердің айтуынша, тыйым салынғанына қарамастан, облыста тұрғындар құдалық, туған күндер мен еске алу шараларын әлі өткізуде. Мысалы, таяуда Жангелдин ауданында туыстары 100 адамның қатысуымен еске алу шарасын ұйымдастырған.