Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Әлия Назарбаеваның отбасы қара жамылды

Жазушы Сәбит Досанов інісінің қазасына байланысты қоштасу сөзін жазды.

Әлия Назарбаеваның отбасы қара жамылды
Фото: ашық дереккөзі

Нұрсұлтан Назарбаевтың туған құдасы Ғабит Досанов қайтыс болды. Ғабит Досанов — Әлия Назарбаевының күйеуі Димаш Досановтың әкесі.

Жазушы Сәбит Досанов Qazaquni.kz сайтында інісінің қазасын жеткізген.

"Оныншы тамыз сәрсенбінің кешінде сананы сансыратып, жүректі қансыратып қаралы, қайғылы хабар жетті: Алакөлге демалысқа барған Ғабитім пәниден бақиға аттанып кетіпті...

Жүрегімнің бөлшегі, бақытымның өлшемі еді, жанбауырым Ғабитім. Азамат еді аяулы, жақынынан білмейтін жан аяуды. Аспандағы ай мен күндей айналасына үнсіз сәуле шашатын, қиындық келсе жасымайтын, қуаныш келсе тасымайтын сабырлы сырбаз еді, төресі еді жігіттің. 62 жасында атар таңы сөнді, татар дәмі таусылды. Тас кедергі, тасмаңдай тағдыр сексеннен жасым асқанда, денсаулық сыр берген шақта қанды қанжарын қадады жүрекке. Саңсырап, қансырап отырмын, жасқа толы жанарым түк көрмейтін соқырмын...

О, Алла-ай, күні кеше ғана емес пе, бауырмал бауырым Тотайымды алғаның?.. Сол аздай-ақ соққы үстіне соққы бергенің неткенің? Неден жаздым, қай қылығымен жақпадым? Күнәлі болсам кеш мені! Жаралай бермей қансыраған жүректі қалған жақындарымды сақтай гөр!..

Қош бол, қоштасуға қимайтын, тал бесікке сыйса да, жер бесікке сыймаған, жанбауырым Ғабитім", - деп жазды жазушы.