Қостанай облысында 5 жасар қыздың денесі табылған жерден видео жарияланды

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Қостанай облысында 5 жасар қыздың денесі табылған жерден видео жарияланды
Фото: ашық дереккөзі

Әлеуметтік желіде төрт күн іздестірілген бес жасар Мәдина Ерланқызының мәйіті табылған жерден кадрлар жарияланды, деп жазады paryz.kz.

«Мұнда барлығын қоршап тастаған, тұрғындарды шығарып жатыр. Ана машина тұрған жерден табылды», - дейді видео авторы.

Айта кетсек, 7 тамыз күні таңертең Қостанай облысының Жамбыл ауылында бес жасар қыз жоғалып кетті. Бала 18 және 13 жастағы өз әпкелерінің бақылауында болған. Олар таңертең оянғанда оны таппай қалған.

Бала ашығып қалмасы үшін жазық далада шарға байланған тамақ мен сусын қалдырылды. Сонымен қатар, дауыс зорайтқыштан бала жақсы көретін «Маша мен аю» мультфильміндегі ән қойылды.

8 тамызда кешке полицияға қызды жүгері алқабында көргендер бары туралы ақпарат келіп түсті. 9 тамызда таңертең полиция жедел штаб нөмірін жариялап, ол арқылы азаматтардан іс-әрекеттерді өзара үйлестіру үшін хабарласып отыру сұралды.