Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Абай күні: ақынның шығармашылығы дәріптелді

Шымкентте Абай күні ұлы ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етумен басталды деп хабарлайды Paryz.kz.

Абай күні: ақынның шығармашылығы дәріптелді

Жиынға Абай ауданының әкімі Бұқарбай Парманов ақын-жазушылар, мектеп оқушылары мен қала тұрғындары қатысты.

–Абай Құнанбайұлы – ұлы тұлға. Ақынның шығармашылығы бүгінгі заман талабына сай қайта түлеп, жыл өткен сайын жаңғырып, ұрпақ тәрбиесіне өзіндік үлес қосып келеді. Абайдың жас ұрпаққа айтар ақылы да, өсиеті де аз емес. Ол шындықты айта отырып, өлеңдері мен қара сөздері арқылы жастарды адамгершілікке, адал достыққа үгіттеді. Күні бүгінге дейін дана ақынның шығармалары өзектілігін жоғалтқан емес,- деді Абай ауданының әкімі Бұқарбай Рысқұлұлы.

Мерекеге жиналған қауым Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен қара сөздерін жатқа айтты. Белсенді шымкенттіктерге кітапхана атынан сый-сияпат жасалды. Іс-шараның жалғасы «Абай» кітапханасында жалғасты. Мұнда да ойшыл, ағартушының шығармашылығы насихатталды. Шымкентте ел руханияты үшін айрықша саналатын мерекені атап өту 9 тамыздан басталды. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 177 жылдығына орай Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі екі күндік «Кітап керуені» атты жылжымалы кітап көрмесін ұйымдастырды. «Ұлылардың ұлысы – Абай» тақырыбында өткен іс-шараға шымкенттіктер белсене қатысты. Оқырмандар Арбат демалыс аймағында көрмеге қойылған ақынның өлең жинақтары, қара сөздері, хикмет кітаптарымен танысты.

Ұйымдастырушылар Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы қала тұрғындары арасында викториналық ойындар ұйымдастырып, жеңімпаздарды марапаттады. Айта кетейік, жылжымалы кітап керуені Арбат алаңында бүгін кешкі сағат 20.00-де жалғасатын болады. Бұдан бөлек, Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханасында бүгін «Абай әндерін бірге шырқайық» атты әдеби әуенді кеш өтеді.

                                                                                                                                                   Кенжебай Мөлдір