Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

"Тәрбиелеме, шаруаң болмасын": психолог ұстаздарды тек білім берумен айналысуға шақырды

Белгілі психолог Серікгүл Сали еліміздегі бала тәрбиесіне қатысты пікірін айтты. Маманның ойынша, мектеп мұғалімдері бала тәрбиесіне араласпауы керек, деп жазады paryz.kz nur.kz-ке сілтеме жасап. 

"Тәрбиелеме, шаруаң болмасын": психолог ұстаздарды тек білім берумен айналысуға шақырды
Фото: видеодан скриншот

Серікгүл Сали "Хабар" телеарнасындағы "Бүгін" бағдарламасында баланы "жұрт не дейді" деген ұстаныммен тәрбиелеуді құптамайтынын жеткізген. Бағдарлама қонағы мұғалімнің бала тәрбиесіндегі рөліне ерекше тоқталды. Маман мұғалімдерді бала тәрбиесіне мүлде араласпауға шақырды.

"Бала сенің алдыңда жартылай жалаңаш па, шашын бояп алған ба, мейлі. Балаға қызықтырып, біліміңді бер, баланы білім арқылы еліктір. Тәрбиелеме, шаруаң болмасын, ата-анасы тәрбиелейді. Бұл жерде мектептегі психолог кіріседі. Менің маман ретіндегі ойым - мектептегі мұғалімдер баланы тәрбиелемейді деп нақты кесіп айту керек.

"Сенің шашың ұзын, түрің мынау, масқара, неге шашыңды бояғансың? Сырғаны шеш!", - деп айтпаңыз. Сіз ата-анасына айтыңыз. Балаға білім беріңіз, қызықты етіп математиканы үйретіңіз, химияны үйретіңіз. Сен ұстаз бол, үлгі бол, балаларға ашылып сабақ бер. Осындай нәрсеге көшуіміз керек. Білім қызықты етіп берілсе, тәрбие өзі келеді", - дейді психолог.

Психологтың сөзінше, қазіргі ұстаздар өте сауатты болуы керек.