Бойжеткен өзін қалауынсыз алып қашпақ болғандықтан көліктен түспей қарсылық білдірді, деп хабарлайды paryz.kz exk.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл сәттің видеосы әлеуметтік желіде тарады. Онда көліктің ішінде отырған қызға егде жастағы әйелдер келіп, басына орамал таққысы келеді. Алайда бойжеткен «барлығыңды соттатып жіберемін» деп қасарысады. Тіпті алып қашқан жігітке «сені де соттатамын» дейді.
Соған қарағанда жігіт бойжеткенді үйіне өзінің еркінсіз, алдап әкелгенге ұқсайды. Ал қыз қарсылық білдірген соң сол үйдегі әйелдер оған тиіспейді. Көлік ішіндегі бойжеткен есікті тарс жауып алады.
Оқиғаның бұдан әрмен қалай жалғасқаны белгісіз. Бірақ желі қолданушыларының көбі қызды еркінсіз алып қашу ескі салт деп есептейді.
«Қаламаса босату керек. 18-ғасыр емес қой","Қазір адам ұрлығы деген баппен сотталасың, осылай алып қашсаң", "Алдап әкелгені көрініп тұрт ғой», — деп жазды пікір білдірушілер.