09.08.2022, 10:25

Қызды алып қашатын жігіттер, өз-өзіне сенімсіз - психолог

Фото: stan.kz

Қыз алып қашу қазақтың салт-дәстүрінде бар ма? Қыз алып қашатын жігіттердің психикасы қандай? 

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Танымал психолог Ержан Мырзабаев Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында отбасындағы құндылықтар мен бала тәрбиесіне қатысты көптеген мағлұмат берді. 

Психолог қызды алып қашатын жігіттерді өз-өзіне сенімсіз, комплекстері бар жігіттер деді. Өйткені, ол ең оңай, ең қарапайым жолды таңдап жатыр. Ал, қызды өзіне қарату, көңілін аулау, алдына шығып, өзін сүйдіру - ерлікті қажет ететтін нәрсе. Сондай ерлігі жоқ, батылдығы жоқ адамдар сол әрекетке барады. Қызға барсам маған жоқ дейді-ау, ұсыныс жасасам жоқ дейді-ау, деп алып қашатын әрекетке барады, дейді. 

Ата-ана баланы кез-келегн тақырыпта жас шамасына қарай ашық сөйлесу керектігі айтты. 

Сонымен қатар, психолог ер бала жыламау керек деп те, жылауды тыйыфп тастап жатады. Бұл үлкен қателік. Жылау - іштегі стресті шығару. Сондықтан да, ер адамдар өз-өзіне қол жұмсауға барады. Барлығы осындай қате тәрбиенің нәтижесі екендігін тарқатып айтып берді.