Қазақстандық блогер Ресейде көп қазақтар орналасқан Омбы, Астрахан, Орынбор қалаларын қайтаруды ұсынды.
Блогердің Ресейдегі қалаларды қайтару туралы айтқан видеосын "Астрахан ру" Youtube арнасы жүктеді, - деп хабарлайды paryz.kz caravan.kz-ке сілтеме жасап.
“Отанымызға қайтатын уақыт жетті. Ресей бізден тартып алған жерлерді қайтарып алу керек. Ол - Орынбор облысы, Қорған облысы, Төмен облысы, Омбы облысы, Астрахан облысы. Осы облыстарда жүретін қазақтар, орыстар пойызға мініп үлгерулерің керек. Ресей аяқталды. Бұны біз, қазақтар айтып тұрмыз. Сеніңдер! Иә, біз жеңіс күнін тойлаймыз! Бірақ, Украинаның Ресейді жеңген күнін тойлаймыз” - деді блогер.