Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

«Біз неге ажырастық?»: Күйеуінен зардап шеккен әйел оқиғаның мән-жайын айтты

Алматыда автобуста бұрынғы күйеуінің шабуылына тап болған келіншек оқиғаның мән-жайын айтты. Ер адам оған пышақ салмақ болған, деп хабарлайды Paryz.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

«Біз неге ажырастық?»: Күйеуінен зардап шеккен әйел оқиғаның мән-жайын айтты
Фото: видеодан скриншот

27 жастағы Ұлтуар Мұхашеваның сөзінше, бұрынғы күйеуі бұған дейін де оған жиі қол көтеріп тұрған. Соның салдарынан ерлі-зайыпты екі жыл бұрын ажырасып тынған.

Алайда ер адам әлі де бұрынғы әйелінің соңынан қалар емес. Зардап шеккен келіншектің айтуынша, автобустағы жағдайға дейін екі күн бұрын азамат оның бетіне қышқыл шашып жіберуге уәде еткен.

Ұлтуар Мұхашеваның сөзінше, автобуста оншақты жолаушының көзінше шабуыл жасағаннан кейін бұрынғы күйеуін 15 тәулікке қамаған. Алматы тұрғыны енді өз өмірі үшін қорқатынын айтты. Себебі жақында ер адам бостандыққа шығады.

"Аялдамадан түсіп, үйіме бара жатқанмын. Алайда автобустың артынан көлік тоқтағанын көріп қалдым. Оның ішінен бұрынғы күйеуімның шығып жатқанын көргенде қайтадан 38-автобусқа отырып алдым. Әдейі ортасына қарай, адам көп жаққа отырдым. Ол маған бірдене істесе біреулер көмектесіп қалар деп ойладым. Мен отырған бойда ол маған "Біз неге ажырастық?" деп айта бастады. Тәртіп сақшылары менің ісімді қайта қарағанын қалаймын. Себебі бұл әкімшілік іс пен бұзақылық емес. Ол төрт жылдан жеті, сегіз жылға дейін түрмеге отыру керек", - деді ол. Т