Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

«Орыстілді оқушыларға грантты азайту керек»: Назарбаев мектебінде тағы дау шықты

Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебіне жетінші сыныпқа оқуға түскісі келген бір топ баланың ата-анасы бүгін наразылық танытты, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Rury-на сілтеме жасап. 

«Орыстілді оқушыларға грантты азайту керек»: Назарбаев мектебінде тағы дау шықты
Фото: азаттық рухы

Басты себебі – осыған дейін басқа мектептерде оқып, жетінші сыныптан бастап Назарбаев зияткерлік мектебінде тегін білім алғысы келген және ең бастысы қазақ тілінде тест тапсырған оқушылар жоғары балл жинаса да мектепке іліне алмай отыр.

Бұған дейін республикалық басқа аймақтарында да қазақ тілінде тест тапсырған балалардың грантсыз қалғаны айтылған еді. Сонымен қатар, әлеуметтік желідегі ата-аналар да қазақ тілінде білім алған баласы сағы сынып, мұңайғанын жазған. Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының баспасөз хатшысы Данияр Рамазанов – желі арқылы мәселені көтерген ата-ананың бірі.

«Әке, мен мектепте орысша оқығаным жақсы болар ма еді? Қызмның осы сұрағына не деп жауап берерімді білмедім. Және, елордадағы НЗМ IB мектебі неге ана тілінде білім алған балалардан қарағанда, орыс тілінде білім алған балаларға жағдай жасап отыр деген сұраққа да жауабым жоқ. Осы мектепке қазақ тілінде білім алғысы келіп 936 бала, орыс тілінде білім алғысы келген 706 бала өтініш жазған. Яғни, қазақ тілінде білім алғысы келгендердің саны 230 адамға көп. Бірақ, мектеп әкімшілігі осы маңызды факторға қарамастан, сыныптар санын бірдей еткен. Менің 1238 ұпай жинаған қызым резервке түсіп тұр. Ал, бұдан аз балл алған, есесіне орыс тілінде білім алған өзге оқушылар грантқа түсіп кетті», - дейді Данияр Рамазанов.

Ал, бүгін мектептің жанына жиналып, бұқаралық ақпарат құралдарын шақыра отырып, наразылықтарын танытқан ата-аналар мектеп әкімшілігімен бір компромисске келе алмады. Журналистермен сөйлескен ата-аналардың барлығы қазақ тілінде білім алған балаларының өкініші мен мұңын айта келген.

«Емтихан тапсырардың алдында құжат қабылдаған кісілер бізге «жылда жүз адам орыс тобына, жүз адам қазақ тобына қабылданады» дегенді айтқан еді. Сөйтіп, тесттің нәтижесін алған кезде, біздің баламыз тоқсаныншы орында тұрған еді. Бейресми түрде, ұпай бойынша 70-100 аралығында орын алғандар оқуға түседі деп жариялады. Баламызбен қоса біз де мәз-мейрам болып жүрдік», - дейді Қайрат Шаяхметов есімді ата-ана.

Данияр сияқты Қайрат та биыл осы НЗМ-ға қазақ тілінде білім алған 936 бала, орыс тілінде білім алған 706 бала құжат тапсырғанын айтып отыр.

«Демек, қазақ тілде тапсырған үміткерлердің саны 31 пайызға көп және қазақ тілінің ең төменгі балын есептесек, қазақ тобындағы балалар орыс тобынан 25 балл жоғары алып тұр. Сондықтан, осылай грант бөлу әділетсіз деп ойлаймын. Өйткені, елорда бойынша оқушылардың 75 пайызы қазақ тілінде, 25 пайыз орыс тілінде оқиды. Тең бөлу деген қазақ балаларының мүмкіндігін шектеу болып отыр», - дейді Қайрат.

«Тегін оқысаң – орын жоқ, ақылы оқуға – орын бар»

Бұл мәселеде ең баса айта кетерлігі – әкімшілік тарапынан айтылып жүрген ақылы оқу туралы мәселе.

«Ата-аналардың сұрағына мектептің айтатын бір жауабы бар – мәселені олар емес, үлкен басшылар шешеді және мектепте орын саны аз. Алайда, мектеп ақылы оқуға бала қабылдауды жоспарлап отырғанын айтып қалады. Оқу ақысы шамамен 4 млн теңге шамасы деп «сыбырлайды», - деп жазды Данияр Рамазанов.

Бүгін журналистерге сұхбат берген Қайрат Шаяхметов те бұл мәселенің шеті оларға да айтылғанын растады.

«Бір ай бұрын алдымызға шыққан әкімшілік мектепте орын шектеулі екенін айтқан. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты артық бала ала алмаймыз деген. Жақында «балаларды ақылы оқытуға мүмкіндік бар» деген хабар келді. Құнын біресе 3 млн теңге, біресе 4 млн теңге деп айтып жүр. Демек, бұл мектептің балаларды оқытатын мүмкіндігі бар. Орын жоқ деген жалған ақпарат. Өкінішке қарай, қазақ балаларының болашағына балта шапты», - дейді Қайрат Шаяхметов.

Айта кетейік, ата-аналардың алдына НЗМ басшысы Күләш Шәмшидинова шықты. Алайда, Шәмшидинова мәселені шешудің бірнеше нұсқасы бар екенін айтса да, екі тарап мәселені шеше алмай тарқасты.  

«Гранттар бас тартқан 47 бала бар. Министрлікке осы 47 бала орнын резервке өткізу туралы ұсыныс айтқанбыз. Бұл бір жол. Екінші жол – мектептен кеткен 8-12 сынып аралығындағы балалардың өтініштерін жинап жатырмыз. Бас тартқан өтініштерді біз 7-сыныптың грантына береміз, бірақ қазір нақты айта алмаймыз», - дейді ол.

Күләш Шәмшидинованың айтуынша, мәселені шешудің өзге жолы да бар.

«Жатақханаға 2400 бала келеді деп күтіп отырмыз. 1 тамыздан бастап жатақханаға орналастыру туралы арыздарды қабылдай бастадық. Осы арыздардың негізінде 2400 баладан кем бала келетін болса, одан артылған қаражатты 7-ші сыныпқа береміз. Бұл да 1 қыркүйектен кейін белгілі болады. Қазір біз осы екі нұсқаны қарап отырмыз», - дейді Шәмшидинов.

Мәселе қалай шешілетіні және балаларды оқу тіліне қарай неге тең бөлмей отырғаны белгісіз күйінде қалып отыр. Бұған дейін өзге аймақтарда дау шыққанда, сол кездегі Білім және ғылым министрлігі, қазіргі Ағарту министрлігі «Назарбаев зияткерлік мектептері автономды білім беру ордасы» екенін алға тартып, грантты тек осы