"Жігітке талас". Қызылордалық бір топ келіншек жарым түнде көшеде төбелесті

Қаланың қақ ортасында шу шығарған қыз-келіншектер көшені бастарына көтерді, деп хабарлайды Рaryz.kz exk.kz-ке сілтеме жасап.

"Жігітке талас". Қызылордалық бір топ келіншек жарым түнде көшеде төбелесті
Видеодан кадр

Олардың айқайлап боқтап, жұлқыласқан сәтінің видеосы әлеуметтік желіде тарады. Бейнежазбадан екі әйелдің бір-біріне соққы жұмсағаны да көрінеді. Нәзік жандардың мұндай жаға жыртысына не себеп болғаны белгісіз.

Төрт келіншектің айқай-шуын видеоға түсіріп алған тұрғын мұндайларға тосқауыл бола алмаған полицейлердің әрекетсіздігіне шағымданды.

Түнгі 3-те бүкіл сол жағалауды басына көтерді. Бұл не бассыздық, қыздар? Ұят қайда? Адамдардың бәрін оятып, сендер құсап ерігіп жүрген ешкім жоқ, азанда жұмыс бәріне. Осындайда полиция қайда? Қаланың қақ ортасы емес пе?

— деп жазды шағымданушы.

Желі қолданушылары да жарым түнде төбелес шығарғандарды сынға алды.

"Нағыз қазақи өңірдің қыздары осындай бола ма? Не жетпейді сендерге?","Полициялар қайда? Әшейін де көшеде кезіп жүретін еді","Жігітке таласып қалған шығар",

— деп жазды пікір білдірушілер.