Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Шымкент тұрғыны әпкелерінің атынан 8 рет онлайн несие алыпты

Бұл туралы олар бір жылдан кейін коллекторлар жүгінген кезде бір-ақ білген.

Шымкент тұрғыны әпкелерінің атынан 8 рет онлайн несие алыпты
фото: ашық дереккөз

Шымкентте өз туыстарына онлайн-несие рәсімдеген әйел ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.

Ордабасы аудандық ПБ-не апалы-сіңлілі екі қыз өтініш білдіріп, белгісіз біреудің олардың атынан онлайн несие алғанын хабарлаған. Біреуінің атынан 350 мың теңге сомасына 5 несие, ал екіншісінің атынан үш банктен 100 мың теңгеден астам несие алған.

Бұл туралы олар бір жылдан кейін коллекторлар жүгінген кезде бір-ақ білген.

"Алаяқтың жеке басын анықтау мақсатында аудандық полиция қызметкерлері барлық қажетті жедел іс-шараларды өткізді. Нәтижесінде, Шымкенттегі жедел уәкілдер күдікті ретінде жәбірленушінің туысын ұстады. Әйел 2019 жылы әпкелеріне қоңырау шалып, олардың жеке деректерін сұрағаны анықталды. Барлық қажетті ақпаратты алып, ол онлайн-несие рәсімдеген. Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", - деп нақтылады полициядан.